Мақалалар
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Әрдайым баласын қорғайды»: Португалия бапкері Роналдудың анасына жауап берді

Португалия құрамасының бас бапкері Жорже Жезуш ұлттық команданың бұрынғы капитаны Криштиану Роналдудың анасы айтқан сөздерге ренжімегенін мәлімдеді.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
1 минут оқу
«Әрдайым баласын қорғайды»: Португалия бапкері Роналдудың анасына жауап берді
Сурет: ашық дереккөздерден

Бұған дейін Долореш Авейру ұлттық құрамада ұлына тиісті құрмет көрсетілмегенін айтып, Португалия құрамасының Даниядан 1:4 есебімен жеңілгеніне қуанған болатын.

«Енді маған Криштиану Роналдудың анасына жауап беру керек пе? Мен оны қатты құрметтеймін. Ол не айта алады? Ана деген – ана. Мен оның ұстанымын түсінемін.

Мен тек оны құрметтеуім керек. Ана әрдайым баласын қорғайды. Ол балаларын өсіру жолында көп қиындық көрген, мейірімді ана», – деп келтіреді Жезуштің сөзін A Bola басылымы.

Айта кетейік, қараша айында «Алтын доптың» бес дүркін иегері Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеген болатын.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.