Мақалалар
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

ҚФФ Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер іздейтінін мәлімдеді

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Скотт Манн Джон ван ’т Шкиппен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
1 минут оқу
ҚФФ Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер іздейтінін мәлімдеді
Скотт Манн

Функционердің айтуынша, нидерландтық маманмен жасалған келісім осы аптаның соңында аяқталады. Келісімшарт мерзімі біткен соң федерация ұлттық құраманың жаңа бапкерін іздеуге кіріспек.

«Келісімшартты ұзартпаймыз және Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде құраманы дайындайтын, ұзақ мерзімге жұмыс істейтін жаңа бапкерді іздеуді бастаймыз», - деді Манн баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Джон ван ’т Схип 2026 жылдың тамызында Талғат Байсуфиновтың орнына ұлттық құраманың тізгінін ұстады. Нидерландтық маманның алдында құраманы B лигасына шығару міндеті тұрды, алайда оны орындай алмады.

Қазақстан құрамасы С3 тобындағы өнерін төртінші, соңғы орында аяқтады. Команда алты матчта үш ұпай жинап, бірде-бір рет жеңіске жете алмады: үш рет тең түсіп, үш рет жеңілді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.