Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Қазақстан U-19 кезекті матчта қарсыласына есе жіберді

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы U-1) Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің екінші турында Бельгия құрамасына 0:2 есебімен жол берді.

Fonteam редактор
Автор ·
1 минут оқу
Қазақстан U-19 кезекті матчта қарсыласына есе жіберді
Сурет: ашық дереккөздерден

Қорытынды есепке қарамастан, қазақстандық команда сапалы футбол көрсетіп, мықты қарсыласқа тең дәрежеде қарсы тұрды. Жігіттер бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, бельгиялықтардың қақпасына 11 соққы бағыттады (оның 5-і тура барды), ал жалпы соққылар саны бойынша қарсыласынан аз ғана қалып қойды (13).

Голдар екінші таймда соғылды

Ойын тағдыры екінші таймда шешілді. Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Огюст Де Ваннемакер жеке шеберлігімен көзге түсті: ол 58-минутта есеп ашса, 75-минутта пенальтиді сәтті орындап, дубль авторы атанды және кездесудің нүктесін қойды – 0:2.

Осы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы 2-топтың турнирлік кестесінде соңғы төртінші орынға сырғыды. Төрттікте Бельгия көш бастап тұр (6 ұпай).

Қазақстандық жастар Шотландиядағы мини-турнирдегі соңғы матчын 17 қараша күні Косово құрамасына қарсы өткізеді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz