Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Ұлан Қонысбаев: "рейтингте бізден 40 саты төмен тұрған елдің азаматы бізге футбол үйретіп жатыр"

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Ұлан Қонысбаев команданың Молдовадан жеңілгеніне қатысты пікір білдіріп, ҚФФ-да жұмыс жасайтын шетелдік мамандарды сынады.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
3 минут оқу
Ұлан Қонысбаев: "рейтингте бізден 40 саты төмен тұрған елдің азаматы бізге футбол үйретіп жатыр"
Сурет: ашық дереккөздерден

Ұлттық құрама сапында бірқатар жылдар бойы өнер көрсеткен Ұлан Қонысбаев кешегі ойынға көңілі толмағанын жеткізді:

"Кешегі ойын өте ұят болды. Бүкіл ел көрді. Бірінші таймда «Барселонаға» қарсы ойнап жатқандай сезім қалдырды. Жігіттер бір-бірін түсінбейді, екі пастан артық бере алмайды. Бірінші таймда өзіміздің жарты алаңымыздан шықпадық. Алаңның сапасына келсек, қарсыластар да дәл сол стадионда ойнады.

Жігіттер бас бапкерді түсінбейтін сияқты. Егер солай болса, мұны жанындағы көмекшілері – Елдос Ахметов пен Нұрбол Жұмасқалиев түсіндіру керек пе еді? Осы масқарадан кейін ҚФФ президентінен бастап барлығы өз орындарын босату керек.

Экс-футболшы ҚФФ президенті Марат Омаровқа да көңілі толмайтынын айтты:

Марат Омаров мырзаға бір сұрақ қойғым келеді: 35 жылда бас хатшы қызметін атқаратын елімізден бір адам табылмады ма? Скот Манн деген шетелдік маманды неге алып келді. Оған қоса, төрешілер корпусын португалиялық Нуну Каштру басқарады. Ал федерацияда техникалық директор қызметін бүгін біз ұтылған Молдованың азаматы Геннадий Скуртул атқарады. ФИФА рейтингінде бізден 40 саты төмен тұрған елдің адамы бізге футбол үйретіп жатыр. Кеше ҚФФ сайтынан семинар көріп қалдым. Владимир Никитенко секілді ағаларымыз мектепте отырғандай соны тыңдап отыр. Сондай нәрселер көп. Бұған үлкен байыппен қарау керек.

Бас бапкерді қандай оймен алды? Бұл кісі Арменияны өлтіріп келді, Грекияда да қатырмады. Оның үстіне, шетелден келген бапкер жоқ дегенде қасына бір көмекшісін әкеледі. Амал жоқ, келді. Енді біздің жігіттерге не түсіндіреді? Құрамадағы футболшылар ағылшын тілін керемет біледі деп айта алмаймын. Жанында аудармашысы да жоқ», – деді Қонысбаев «FonTeam» арнасындағы подкастта.

Қазақстан құрамасы кеше Ұлттар лигасының бесінші турында Молдовадан 1:2 есебімен ұтылды. Бір ай бұрын «Астана Аренадағы» ойында да дәл осы есеппен жол берген еді.

Кешегі жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға төмендеп, 118-ші орынға жайғасты. Ал Молдова бір сатыға жоғарылап, 157-орынға табан тіреді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz