Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеуінде Австрияны ойсырата жеңді

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) 2027 жылғы Еуропа чемпионатының бірінші іріктеу раундындағы алғашқы матчында Австрия құрамасын талқандады.

Fonteam редактор
Автор ·
1 минут оқу
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеуінде Австрияны ойсырата жеңді
Сурет: ашық дереккөздерден

Грузияның Кутаиси қаласында өтіп жатқан 14-ші топтың кездесуі қазақстандық команданың 7:0 есебімен айқын жеңісімен аяқталды. Русланжан Раимбакиевтің шәкірттері ойын тізгінін алғашқы минуттардан-ақ өз қолдарына алды: 19-минутта Роман Черноморец есепті ашты. Көп ұзамай Ануар Толенды басымдықты еселеп, артынша дубль авторы атанды. Ал 35-минутта Салим Хасанов төртінші допты соғып, бірінші таймның өзінде ірі есепті орнатты.

Үзілістен кейін Қазақстан құрамасы қарқынын бәсеңдеткен жоқ: матчтағы екінші голын Черноморец соқса, Ислам Рашидов та мергендігімен көзге түсті, ал кездесуге нүктені Ибрахим Асан қойып, ойынның түпкілікті нәтижесін белгіледі – 7:0.

Қазақстандық жасөспірімдер мини-турнир аясындағы келесі матчын 17 қараша күні жарыс қожайындары – Грузия U-17 құрамасына қарсы өткізеді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz