Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Қайғылы жәйтқа себепші болған қақпашы жазаланды

Дисциплинарлық орган 25 жастағы Овононың әрекетін ереже талаптарын өрескел бұзу деп бағалады.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
Қайғылы жәйтқа себепші болған қақпашы жазаланды
Сурет: ашық дереккөздерден

Испанияның Ла Лига 2 дивизионында болған қайғылы оқиғадан кейін "Андорра" қақпашысы Хесус Овоно 12 матчқа дисквалификацияланды.

Ол "Тенерифе" шабуылшысы Хесус де Мигельмен соқтығысқан. Кейін футболшы алған жарақаттарының салдарынан көз жұмғаны хабарланды.

Дисциплинарлық орган 25 жастағы Овононың әрекетін ереже талаптарын өрескел бұзу деп бағалады.

Соның нәтижесінде қақпашы 12 кездесуге қатысу құқығынан айырылды. Бұдан бөлек, оған қосымша қаржылық санкциялар да қолданылған.

Қайғылы сәт матч соңында болды

Оқиға Испания Сегундасының 12-туры аясындағы "Андорра" – "Тенерифе" кездесуінің қосымша уақытында болған.

90+7-минутта Овоно қақпасынан алға шығып, қарсыластың шабуылын тоқтатуға әрекеттенген кезде алаңның орталық бөлігінде де Мигельмен соқтығысты.

Осы эпизодтан кейін төреші "Андорра" қақпашысына тікелей қызыл қағаз көрсетті.

Футболшы ауруханада көз жұмды

Соқтығысудан кейін "Тенерифе" шабуылшысы алаңда жатып қалды. Бірнеше секундтан кейін ойыншылар оның есінен танып қалғанын байқаған. Медициналық бригада футболшыны шұғыл түрде ауруханаға жеткізгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Оқиғаның мән-жайы қаралғаннан кейін дисциплинарлық комитет Хесус Овононы 12 матчқа шеттету туралы шешім қабылдады.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz