Жақын матчтар
Самородов дисквалификацияға байланысты Словакияға қарсы ойынға қатыспайды
Грозныйлық «Ахмат» пен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов шеттетілуіне байланысты Словакияға қарсы өтетін алдағы өз алаңымыздағы матчқа қатыса алмайды.
Ұлттар лигасының бесінші туры аясында Молдова құрамасына қарсы өткен сырт алаңдағы кездесу аяқталғаннан соң Самородов бас төреші Андреа Коломбодан сары қағаз алды. Одан кейін италиялық арбитрмен артық сөзге келіп қалған шабуылшы бірден екінші ескертуін алып, арты қызыл қағазға ұласты.
Еске сала кетейік, Кишиневтегі матч қазақстандықтардың 1:2 есебімен жеңілуімен аяқталған еді. Қонақтар сапынан жалғыз голдың авторы самаралық «Крылья Советов» клубының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков атанды.
Джон ван’т Шкипп шәкірттері келесі кездесуін 16 қараша күні өткізеді. Олардың қарсыласы топ көшбасшысы – Словакия құрамасы болмақ, ал ойын елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ