Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

"Елімай" бас бапкері қызметінен кетті

Семейлік «Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович тараптардың өзара келісімі бойынша қызметінен ресми түрде кетті.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
2 минут оқу
"Елімай" бас бапкері қызметінен кетті
Сурет: ашық дереккөздерден

Маман команданы 2023 жылдың қараша айынан бері басқарып келген еді. Карповичтің қызметтен кетуі ҚПЛ-2026 маусымының соңғы туры қарсаңында орын алды: 31 қазанда семейліктер өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдайды. Қазіргі уақытта «Елімай» турнир кестесінде алтыншы орында тұр.

Карповичтің басшылығымен Семей клубы 2024 жылғы маусымда алтыншы орын алса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша төртінші сатыға тұрақтап, УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алған болатын. Дегенмен еурокубоктық науқан сәтсіз аяқталды: іріктеудің алғашқы раундында «Елімай» армениялық «Алашкертке» есе жіберді (сырт алаңда 1:1, өз алаңында 2:2, пенальти сериясында 5:6).

Айта кетейік, Андрей Карпович – Семей футболының түлегі әрі өзінің ойыншы ретіндегі мансабын дәл осы «Елімайда» бастаған. Бұған дейін ол бас бапкер ретінде «Ақтөбе», «Қызылжар» және «Оқжетпес» клубтарын басқарды, сондай-ақ алматылық «Қайрат» пен Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкердің міндетін атқарушы қызметін атқарды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz