Жақын матчтар
"Бернлидың" жаңа бапкері белгілі болды
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсететін ағылшындық «Бернли» швейцариялық маман Фабио Челестинидің бас бапкер лауазымына тағайындалғанын ресми түрде жариялады.
50 жастағы бапкер «Бернлидің» тізгінін Чемпионшиптегі сәтсіз нәтижелерден кейін 24 қазанда қызметінен босатылған Ники Хайеннің орнына алды.
Ағылшындық клубқа келгенге дейін Челестини мәскеулік ЦСКА-ны басқарып, онда Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Аббосбек Файзуллаевты жаттықтырған болатын. Швейцариялық маман командамен бірге Ресей Суперкубогын жеңіп алды.
Бұған дейін ол өз отанында да табысты жұмыс істеді: «Базельді» 18 ай ішінде ел чемпионы етіп, Швейцария кубогын алып берді (бұл чемпиондық титул бұған дейін сегіз жыл бойы клубқа бұйырмаған еді). Сондай-ақ оның бапкерлік мансабында «Лозаннаны» жоғарғы дивизионға шығару және «Люцернмен» бірге Швейцария кубогын ұтып алу сияқты жетістіктері бар.
Жаңа бапкердің басшылығымен «Бернли» алғашқы матчын 31 қазанда өз алаңында, «Тёрф Мур» стадионында «Портсмутқа» қарсы өткізеді.
Айта кетейік, Фабио Челестини кезінде кәсіби футболшы ретінде тіреуіш жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсеткен. Ол Швейцария ұлттық құрамасы сапында 35 матч өткізіп, 2004 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан. Ал клубтық деңгейде «Марсель», «Леванте» және «Хетафе» сияқты белгілі ұжымдардың намысын қорғады.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ