Жақын матчтар
"Қайрат" Фарер аралдары шабуылшысымен келіссөз жүргізуде
Алматылық "Қайрат" футбол клубы Фарер аралдары құрамасының шабуылшысы Петур Кнудсенді қатарына қосуға қызығушылық танытып отыр.
ASnews.kz мәліметінше, 28 жастағы Петур Кнудсен алматылық клубтың назарын УЕФА Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы кездесуден кейін аударған. Аталған матч 2:2 есебімен аяқталып, фарерлік шабуылшы мергендігімен көзге түскен.
Ақпаратқа сәйкес, "Қайрат" басшылығы Фарер аралдарының "НСИ Рунавик" клубында өнер көрсететін футболшының өкілімен байланысқа шыққан.
Кнудсеннің қазіргі командасымен келісімшарты 2026 жылдың соңында аяқталады. Сондықтан алматылық клуб шабуылшыны өз құрамына қосу мүмкіндігін қарастырып отыр.
Әзірге тараптардың нақты келісімге келгені туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Қазақстан құрамасына екі рет гол соққан
Петур Кнудсен қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол 2026 жылғы Ұлттар лигасында Қазақстан қақпасын дәл көздеген.
Бұған дейін, 2025 жылы да фарерлік футболшы Қазақстан құрамасына қарсы кездесуде гол соғып, командасының 1:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосқан.
Кнудсеннің кәсіби мансабынан бөлек тағы бір ерекше тұсы бар. Фарер аралдарының құрамасында өнер көрсететін шабуылшы футболмен қатар тұздалған балықты экспорттайтын зауытта жұмыс істейді. Соған қарамастан оның биылғы маусымдағы статистикасы жоғары деңгейде.
Петур Кнудсеннің 2026 жылғы көрсеткіштері:
- 33 матч;
- 18 гол;
- 7 нәтижелі пас.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ