Жақын матчтар
Түркияның гранды Нұралы Әліпке қызығушылық танытты
Қазіргк таңда ұлттық құрама капитаны Ресей біріншілігінде өнер көрсетуде.
Түркияның "Галатасарай" клубы Қазақстан құрамасы мен Санкт-Петербургтің "Зенит" командасының қорғаушысы Нұралы Әліпке қызығушылық танытып отыр.
Бұл туралы журналист Бурак Эрен X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Журналистің мәліметінше, 26 жастағы қазақстандық қорғаушының кандидатурасы Ыстамбұл клубының басшылығына ұсынылған. Осыдан кейін "Галатасарай" Нұралы Әліптің өнерін бақылауға алған.
Әзірге тараптар арасында ресми келіссөз басталғаны немесе нақты ұсыныс жасалғаны туралы ақпарат жоқ.
"Зенитке" 2022 жылы ауысты
Нұралы Әліп 2022 жылдың ақпанында алматылық "Қайраттан" жалға алу шартымен "Зенитке" ауысты.
Кейін Санкт-Петербург клубы қазақстандық футболшының трансферлік құқығын толық сатып алды.
2024 жылдың тамызында "Зенит" Әліппен келісімшартты 2028 жылдың жазына дейін ұзартты.
Ресейде бірнеше жүлде жеңіп алды
Осы маусымда Нұралы Әліп барлық турнирде 12 матч өткізді.
"Зенит" сапындағы мансабында қазақстандық қорғаушы Ресей чемпионатын үш рет жеңіп алды. Сондай-ақ ол Ресей кубогы мен Суперкубогының иегері атанды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ