Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізді

Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчын өткізді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын өткізді
Фото: "Қайрат" АФК

Қазақстандық команданың алғашқы қарсыласы латвиялық «Бейтар» болды. Алматылық ұжым Чемпиондар лигасындағы жолын 5:3 есебімен жеңіспен бастады.

Бірінші таймнан кейін «Қайрат» 3:0 есебімен сенімді түрде алда тұрды. Валиуллин Қазақстан командасын алға шығарса, кейін Кайо Руис дубль жасады.

Иманбеков екінші таймның басында төртінші голды соғып, матч жеңімпазына қатысты сұрақтарды шешкендей болды. Алайда латвиялық команда үш гол соғып, интриганы қайта жандандырды.

Соған қарамастан Руис хет-трик жасап, алматылықтар 5:3 есебімен жеңіске жетті.

31 қазанда Қазақстан командасы сырт алаңда бельгиялық «Андерлехтке» қарсы ойнайды.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» 2026/2027 маусымындағы футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шығуын мерзімінен бұрын қамтамасыз еткен еді. УЕФА-ның бақылау-этикалық және тәртіптік органы румындық «Юнайтед Галац» клубына турнирдің негізгі кезеңіндегі матчтарға қатысудан бас тартқаны үшін 0:5 есебімен үш техникалық жеңіліс тағайындады. Осылайша, топтағы қалған үш команда автоматты түрде плей-офф жолдамасына ие болды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz