Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Тоғыздықты сездім»: Кәрімов – Словакия қақпасына соққан голы туралы

Шабуылшы ұлттық құрама сапында алғашқы голын соққанынан қуанышын жасырмады.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Тоғыздықты сездім»: Кәрімов – Словакия қақпасына соққан голы туралы
Сурет: ашық дереккөздерден

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Рамазан Кәрімов Ұлттар лигасы аясындағы Словакияға (1:2) қарсы матчтан кейін ASnews.kz тілшісіне сұхбат беріп, ойын нәтижесі мен әдемі голы туралы әсерімен бөлісті.

«Ұлттық құрама сапында гол соғу – бала кезімдегі арманым еді. Бұл голымды жақында ғана туған күндерін атап өткен ата-анама арнаймын. Гол соғатын сәтте тура тоғыздықты көздеген жоқпын, тек соққыны іштей сездім.

Меніңше, бұл ойында біз екі ұпай жоғалтып алдық. Қарымта шабуылдарда екі жақсы мүмкіндігіміз болды. Егер соларды голға айналдырғанымызда, бүгін жеңіске жетуге болар еді. Енді Астанаға барып, ойынды саралаймыз. Словакия айтарлықтай қысым көрсетті, бірақ бізде де мүмкіндіктер болды. Алдағы үйдегі ойындарда алты ұпай алуға толық мүмкіндігіміз бар. Бұйырса, стадионда жанкүйерлерімізді күтеміз», – деді Кәрімов.

Қазақстан құрамасы Кошицеде өткен Ұлттар лигасының екінші тур ойынында Словакияға 1:2 есебімен есе жіберді. Қазақстандықтар сапынан жалғыз голды 35-минутта айып алаңының сыртынан Рамазан Кәрімов соққан болатын. Ол Арсен Әшірбек пен Жасұлан Әмір бастаған шабуылды сәтті аяқтады. Екі турдан кейін Қазақстан қоржынында бір ұпай бар.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (1)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz