Бұған дейін клуб құрылтайшысы («Sport Qory» қоры) 7 қыркүйекке дейін бірнеше ай бойы жиналып қалған жалақы қарызын өтемесе, ойыншылар жаттығулар мен ойындарға қатысудан бас тартуға дайын екендігі хабарланған болатын.
6 қыркүйек күні «Елімайды» (4:0) жеңгеннен кейін астаналықтардың бас бапкері Григорий Бабаян өзара келісімдер бар екенін мәлімдеген еді:
«Бәріміз ертеңгі күнді күтіп жүрміз. Мен сіздерге ештеңе айта алмаймын. Ертең бәрі шешіледі».
Алайда 8 қыркүйектегі жағдай бойынша команда алдындағы қаржылық міндеттемелер орындалған жоқ – ойыншылардың есепшотына ақша түспеді. Қазіргі уақытта «Астананың» Шымкентке барар-бармасы белгісіз.
26-турдың орталық матчы саналатын «Ордабасы» мен «Астана» арасындағы кездесу 12 қыркүйекке (19:00) жоспарланған.
Еске сала кетейік, шымкенттіктер жарыс кестесінде көш бастап тұр (24 матч, 55 ұпай), ал елордалық клуб екінші орындағы «Қайраттан» (54 ұпай) қалып, үшінші орынға жайғасқан (23 матч, 45 ұпай).
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.