Аңызға айналған ағылшын ойыншысы «бордолықтар» сапына еркін агент ретінде ауысты. Өткен маусымда Варди Италияның Серия А чемпионатында «Кремонезе» сапында өнер көрсетіп, 29 матчта жеті гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
«Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен бұл жұлдызды трансферге қатысты пікір білдірді:
«Біз Джеймиді «Бернлиде» қарсы алғанымызға өте қуаныштымыз. Оның тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттері командамыз үшін баға жетпес үлес болары анық. Оның ағымдағы маусымдағы нәтижелерімізге зор ықпал ететініне сенеміз».
Футболшының өзі де клубқа ауысқанына қуанышты екенін жасырмады:
«Бернлиге» келгеніме өте ризамын. Бұл клубтың бай футбол тарихы мен командасын қолдайтын мықты жанкүйерлері бар. Алаңға шығып, ұжымды дұрыс бағытта алға жетелеуге көмектесетін сәтті асыға күтемін».
Бұл трансфердің арқасында Джейми Варди қазіргі уақытта санының жарақатын қалпына келтіріп жатқан қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың командаласы атанды. Англия құрамасының бұрынғы тәжірибелі форвары және 2015/16 жылғы АПЛ чемпионы Чемпионшиптің ауыр стартінен кейін гол мен тәжірибеге зәру Ники Хайен командасының шабуыл шебін күшейтуге тиіс.
Жаңа ойыншының досьесі:
Аты-жөні: Джейми Варди
Жасы: 39 жаста
Позициясы: Шабуылшы
Соңғы клубы: «Кремонезе» (Италия)
Басты жетістіктері: Англия чемпионы (2015/16), Англия Кубогы мен Суперкубогының иегері, АПЛ-дің еүрүр мәрте үздік сұрмергені, Англиядағы жыл ойыншысы (2015/16).
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.