Месси мен Роналду алғаш рет бір командада ойнауы мүмкін

Автор
Fonteam редактор
Автор
07.09.26, 04:22
Әлем футболының жұлдыздары Лионель Месси мен Криштиану Роналду алғаш рет бір команданың сапында алаңға шығуы мүмкін.
Месси мен Роналду алғаш рет бір командада ойнауы мүмкін
Сурет: ашық дереккөздерден

Екі футболшыға Аргентина құрамасының бұрынғы шабуылшысы Карлос Тевестің қоштасу матчына қатысу туралы ұсыныс жасалған.

Аргентиналық БАҚ мәліметінше, Тевестің қоштасу кездесуі 2026 жылдың желтоқсанында Буэнос-Айрестегі әйгілі «Ла Бомбонера» стадионында өтеді. Матчты шабуылшының кәсіби мансабын ресми түрде қорытындылайтын үлкен футбол мерекесіне айналдыру жоспарланып отыр.

Кездесуге Тевестің әр жылдары бірге ойнаған командаластары мен жақын достары шақырылады. Ұйымдастырушылар Месси мен Роналдуды бір құрамға қосуды көздеп отыр.

Тевес Криштиану Роналдумен «Манчестер Юнайтед» сапында, ал Лионель Мессимен Аргентина құрамасында бірге өнер көрсеткен. Сондықтан ол футбол тарихындағы ең әйгілі екі қарсыластың бір командада ойнауына мүмкіндік жасап отыр.

Месси мен Роналду 20 жылға жуық уақыт бойы әлемнің үздік футболшысы атағы үшін бәсекелесіп, түрлі турнирлерде бір-біріне қарсы 37 матч өткізген. Алайда осы уақытқа дейін бір команданың жейдесін киіп көрген емес.

Әзірге екі жұлдыздың да қоштасу матчына қатысатыны ресми түрде расталған жоқ. Егер олар шақыртуды қабылдаса, жанкүйерлер футбол тарихындағы ең көп күткен оқиғалардың біріне куә болуы мүмкін.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

07.09.26, 04:22

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
55
2
Қайрат
54
3
Астана
45
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
38
6
Елімай
32
7
Тобыл
34
8
Ұлытау
31
9
Жеңіс
29
10
Каспий Ақтау
26
11
Атырау
23
12
Қызылжар
23
13
Алтай
22
14
Жетісу
22
15
Ертіс
20
16
Қайсар
20