Президент сайлауы 2027 жылдың наурызында өтетін FIFA конгресі кезінде ұйымдастырылады. Ұйым өкілінің мәлімдеуінше, Инфантиноның бұған дейін жариялаған шешімі өзгермеген.
«Президент сәуір айында қайта сайлауға түсетінін мәлімдеген болатын. Оның бұл ұстанымы өзгерген жоқ», — делінген FIFA мәлімдемесінде.
Инфантино кейінгі уақытта ұйым турнирлеріндегі үлестің 20 пайызын жеке инвесторларға сату жөніндегі даулы бастамасына байланысты сынға ұшырады. Әлем чемпионатын да қамтыған жоба футбол қауымдастығының қарсылығынан кейін шілде айында тоқтатылды.
Аталған бастамаға UEFA, Азия футбол конфедерациясы және КОНКАКАФ қарсы шыққан. Соған қарамастан, Инфантино Африка және Оңтүстік Америка футбол конфедерацияларының қолдауына ие. Оның айтуынша, 200-ден астам ұлттық федерация алдағы сайлауда кандидатурасын қолдауға дайын.
Қазіргі уақытта FIFA президенттігіне Инфантинодан басқа бірде-бір үміткер ресми түрде тіркелген жоқ.
Джанни Инфантино FIFA-ны 2016 жылдан бері басқарып келеді. Ол 2019 және 2023 жылдары ұйым президенті қызметіне қайта сайланған.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.