Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы
Ресми серіктестік · 2026/27 маусымы «Fonteam» ақпарат агенттігі «Барыс» ХК серіктесі атанды hcbarys.kz

Жақын матчтар

"Елімай" ұлттық құрама ойыншысына қатысты маңызды шешім қабылдады

Семейлік «Елімай» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовпен келісімшартты 2029 жылға дейін ұзартты.

Алихан Ибраев
Автор ·
1 минут оқу
"Елімай" ұлттық құрама ойыншысына қатысты маңызды шешім қабылдады
Сурет: ашық дереккөздерден

28 жастағы футболшы аяқталған маусымда алаңда 1971 минут өткізіп, бес гол мен бес нәтижелі пас авторы атанды.

Бұған дейін Рамазан Оразов мансабында Данияның «Силькеборг», Словенияның «Копер», Ресейдің «Чайка» және Латвияның «Даугавпилс» клубтарында өнер көрсеткен.

Айта кетейік, 16 қарашада «Елімай» клубы жаңа бас бапкерін таныстырды. Команданы бұған дейін «Абердиннің» жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген 43 жастағы шотландиялық маман Питер Левен басқарды.

Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында семейлік ұжым 30 турда 45 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орынға тұрақтады.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.