Жақын матчтар
Еуро-2028: Қазақстан құрамасының қарсыластары кім болмақ?
УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы топтық кезең аяқталғаннан кейін 2028 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын құрамалар белгілі болды.
Іріктеу кезеңіне барлығы 54 құрама қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша командалар төрт немесе бес құрамадан тұратын 12 топқа бөлінеді.
Еуро-2028 іріктеу кезеңіне арналған себеттердің құрамы төмендегідей:
Бірінші себет: Испания, Англия, Италия, Германия, Португалия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Дания, Грекия, Норвегия, Хорватия.
Екінші себет: Уэльс, Сербия, Түркия, Швейцария, Швеция, Австрия, Венгрия, Босния және Герцеговина, Солтүстік Ирландия, Чехия, Словения, Ирландия.
Үшінші себет: Украина, Шотландия, Польша, Израиль, Грузия, Румыния, Солтүстік Македония, Черногория, Словакия, Косово, Албания, Исландия.
Төртінші себет: Кипр, Финляндия, Молдова, Армения, Болгария, Люксембург, Қазақстан, Латвия, Беларусь, Эстония, Фарер аралдары, Сан-Марино.
Бесінші себет: Мальта, Әзербайжан, Литва, Андорра, Гибралтар, Лихтенштейн.
Еуро-2028 іріктеу кезеңінің жеребесі 6 желтоқсанда тартылады. Ал іріктеу матчтары 2027 жылдың наурызынан қарашасына дейін өтеді.
Топ жеңімпаздары мен екінші орын алған құрамалардың арасындағы үздік сегіз команда Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Қалған төрт жолдама Ұлттар лигасының квотасы бойынша өтетін плей-офф кезеңінде сарапқа салынады.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ