Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Оразбахтин «Левскиден» жеңілгені туралы: бір гол соғуға лайық болдық

«Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Левскимен» болған жауапты матчтан (0:1, жалпы есеп – 0:2) кейін баспасөз мәслихатына қатысып, ойын жайлы пікірімен бөлісті.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Оразбахтин «Левскиден» жеңілгені туралы: бір гол соғуға лайық болдық
Сурет: ашық дереккөздерден

«Ең алдымен ұзақтан келіп, осындай керемет атмосфера жасаған жанкүйерлерге алғыс айтамын. Өкінішке орай, оларды жеңіспен қуанта алмадық. Бүгін кем дегенде бір гол соғуға лайық болдық. Қақпаға қанша тепсек те, гол соғу бұйырмады. Еңсемізді түсірмейміз, алда маңызды матчтар бар. Алға қарай жылжи береміз. Осындай ойындардың арқасында тәжірибе жинап, болашақта пайдаға жаратуға болады».

Жеңіліске алаң сапасының қатысы жоқ

«Алаңның сапасы мен ауа-райы жеңілуімізге себеп емес. Қарсылас та дәл сондай жағдайда ойнады. «Левски» өз мүмкіндігін пайдаланды, ал біз гол соға алмадық. Әдемі ойын көрсеткен команда емес, гол соққан команда жеңіске жетеді».

Кадрлық мәселелер де әсер етті

«Былтыр бізде команданың ойынына энергия беріп, шабуылға жылдамдық қоса алатын Дастан Сәтпаев болды. Жоржиньо да көп жұмыс атқаратын еді. Қара жұмысты да жасап, шабуылға да жақсы араласатын. Оған адамдардың не үшін сын айтатынын түсінбеймін. Команда үшін өте пайдалы ойыншы болды. Сондай-ақ бүгін бізге Александр Мартынович жетіспеді. Ол ауырып қалды, үш күн бойы температурасы түспеді. Сондықтан емделу үшін Алматыда қалды».

«Қайрат» екі матчтың қорытындысы бойынша болгариялық клубтан 0:2 есебімен жеңіліп, Чемпиондар лигасындағы жорығын аяқтады. Енді Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде ПАОК (Грекия) / «Андерлехт» (Бельгия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz