«Марек – біздің футболдағы өте үлкен тұлға, сондықтан бұл тым өзіне сенімді әрі артық кеткен сөздер деп айтпас едім. Дегенмен, бәрі футбол алаңында шешіледі. Қазір әсіресе Еуропада әлсіз қарсылас жоқ. Біздің құрама қарсыластарын менсінбейтіндей жағдайға бармайды, олар тиісінше дайындалып, ойынға дұрыс көңіл-күймен шығады деп ойлаймын», – деді Тесак.
Бұған дейін Словакия құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі қазіргі таңда бас бапкердің көмекшісі қызметіндегі маман Марек Гамшик Ұлттар лигасында Қазақстан және Молдовамен бір топқа түскеніне қуанышты екенін айтып, оларды ыңғайлы қарсылас деп атаған болатын.
Еске салайық, УЕФА Ұлттар лигасының жеребесі бойынша Қазақстан құрамасы С лигасындағы үшінші топта Словакия, Фарер аралдары және Молдовамен бірге өнер көрсетеді. Топтық кезең матчтары 2026 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығында өтеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.