Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы
Ресми серіктестік · 2026/27 маусымы «Fonteam» ақпарат агенттігі «Барыс» ХК серіктесі атанды hcbarys.kz

Жақын матчтар

ҚПЛ легионері: Покатилов – Әзербайжандағы танымал тұлға және ең үздіктердің бірі

«Тобылдың» орталық қорғаушысы Райан Сенхаджи ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Стас Покатиловтың әзербайжандық «Сабах» клубындағы табысы туралы айтты.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
ҚПЛ легионері: Покатилов – Әзербайжандағы танымал тұлға және ең үздіктердің бірі
Стас Покатилов. Фото: ашық дереккөзден

«Егер мұндай маңызды клуб Покатиловқа сенім артса, демек, ол бұған лайықты. Көп адам біле бермейді, бірақ «Сабахтың» басшылығы кадрларға, инфрақұрылымға және жанкүйерлермен қарым-қатынасқа көп көңіл бөледі. Олардың Әзербайжандағы беделі өте жоғары.

Стас пен «Қарабах» қақпашысы (Матеуш Кохальски – еск.) – бәлкім, елдегі ең үздіктер шығар», – деді қостанайлық команданың жаңа ойыншысы.

Бұған дейін алжирлік футболшы «Сумгаит» сапында өнер көрсеткен болатын.

Еске сала кетейік, 33 жастағы Стас Покатилов «Сабах» клубына дәл осы «Тобылдан» ауысқан болатын. Өткен маусымда Қазақстан құрамасының қақпашысы Әзербайжан чемпионатында «құрғақ матчтар» саны бойынша көш бастады (30 ойынның 13-інде қақпасына гол өткізбеген). Сондай-ақ ел чемпионатының «алтыны» мен Кубогын жеңіп алды.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.