Мақалалар ХК «Барыс» Серіктес«Барыс» ХК
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы
Ресми серіктестік · 2026/27 маусымы «Fonteam» ақпарат агенттігі «Барыс» ХК серіктесі атанды hcbarys.kz

Жақын матчтар

«Жоғары мақсат қоятын команда іздеймін»: Андрей Мартин – ҚПЛ-ға оралу туралы

Молдовалық бапкер қазіргі таңда ҚПЛ маусымынан кейін демалуда.

Алихан Ибраев
Автор ·
2 минут оқу
«Жоғары мақсат қоятын команда іздеймін»: Андрей Мартин – ҚПЛ-ға оралу туралы
Андрей Мартин

Шымкенттік «Ордабасының» бұрынғы бас бапкері Андрей Мартин қазақстандық клубтар тарапынан туындаған қызығушылыққа пікір білдіріп, ҚПЛ-да жұмысын жалғастыру үшін қандай шарттарды қарастыруға дайын екенін айтты:

«Ең бастысы – маған деген қызығушылықтың бары қуантады. Бұл екі жылдың текке кетпегенінің және Шымкентте өзіндік із қалдырғанымның арқасы болар. Кем дегенде, жанкүйерлер әлі күнге дейін жазып, еңбегімді бағалап, бірге жұмысымызды жалғастырмағанымызға өкініш білдіруде – қолдаулары үшін оларға үлкен алғыс айтамын.

Болашаққа келер болсақ, қазір аздап демалып, кем дегенде бір апта бойы футбол туралы ойламай, сергіп алғым келеді. Бірақ мен баспасөзде мансабымның жаңа кезеңі үшін Қазақстанды қуана қарастыратынымды айтқан болатынмын. Бәрі қалай боларын көреміз. Мен үшін басшылық тарапынан сенім мен қолдаудың болуы, бір бағытта бірге алға жылжуымыз өте маңызды. Өзім амбициялы маманмын, сондықтан алдына нақты міндеттер қоятын және ең биік мақсаттарға ұмтылатын команда тапқым келеді», – деді Мартин «CCardinal» арнасына берген сұхбатында.

Бапкер клубтармен нақты келіссөздер жақын арада басталуы мүмкін екенін де атап өтті.

«Аздап сабыр сақтау керек. Менің ойымша, алдағы апталарда нақты іске көшуіміз мүмкін – әзірге клубтар бақылап, менің өкілдеріммен сөйлесе бастады. Түбінде бәрі маған да, өз мақсаттарына жетуді көздейтін клубқа да тиімді түрде шешіледі деп үміттенемін», – деп түйіндеді 52 жастағы маман.

Еске сала кетейік, Андрей Мартин «Ордабасыны» 2024 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың қарашасына дейін жаттықтырды. Оның жетекшілігімен шымкенттік клуб өз тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасап, Қазақстан чемпионаты мен ел Кубогын жеңіп алды.

Пікірлер (0)

Клубтардың ресми серіктесі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.