«Сәтпаевтың бірінші командаға тез арада сіңісіп кетуі мүмкін емес дерлік. Барлық құрметіммен айтайын, ҚПЛ-дағы деңгей мен «Челсидің» тіпті жаттығуындағы қарсылық деңгейі – мүлдем бөлек. Еуропаның топ-клубындағыдай емес. Бастапқыда ұзақ әрі ауыр бейімделу кезеңінен өту тура келеді.
Дастан физикалық тұрғыдан айтарлықтай күшейді. Соңғы бір жылда тамаша бабына еніп, алға қарай маңызды қадам жасады. Дегенмен қазіргі уақытта негізгі құрамдағы орын үшін таласуға мүмкіндік жоқ десе де болады – бұл позицияда бәсекелестік жоғары. Онда Жоао Педро, Николас Джексон және Лиам Делап бар.
Сондай-ақ «Барселонадан» келген Марк Гиуді де ұмытпау керек, оның мектебі іргелі тұрғыдан Сәтпаевтыкінен көш ілгері. Егер қазақстандық ойыншыны үшінші немесе төртінші форвард ретінде алып қалған күннің өзінде, мен оның орнында болсам, жалға немесе U-21 командасына аттанар едім. Бұл қисынды қадам болар еді», – деді Бельский.
«Дастан – классикалық орталық шабуылшы емес. Ол жартылай қанатта ойнай алады, бұл қасиет Джексонға да тән. Допты қабылдау және бос аймақтар ашу үшін шетке қарай ығысу – өте пайдалы дүние, сондықтан Дастан сол қанатта ойнап кетуі мүмкін деп есептеймін. Ол позицияда әлі ешкім жарқырай қойған жоқ.
Алонсоның қандай футбол қоятыны әзірге белгісіз. Егер бұл «Байердегідей» тактика болса, онда екі шетте инсайдтар ойнауы тиіс, демек, бұл жерден жас жаңа ойыншыға орын қарастыруға болады. Бірақ алғашқы жылдан-ақ емес».
«Сәтпаев Чемпиондар лигасында еуропалық футболдың дәмін татты, енді оны шынайы сезіну керек. «Қайрат» үшін бұл қиын әрі пайдалы тәжірибе болды: олар тек «Реалды» (0:5) қабылдап қана қоймай, қарсылықтың деңгейін түсінді. Дастан бұл еурокубоктық додада бәрінен аз сасқалақтаған ойыншы болды.
Қазір допты жылдам әрі сауатты қозғайтын командаға түсу мүмкіндігі бар – серіктестеріне, жылдамдыққа, физикаға, басқа күнтізбеге және бірден үш жарыста өнер көрсетуге үйрену керек. Бірақ посткеңестік кеңістіктен үлкен бэкграундсыз келіп, бірден грандтың негізгі құрамына орнығып кеткен жастар көп пе?
ХХІ ғасырда мұндай ешкімді еске түсіре алмаймын. Аршавин «Арсеналға» ауысқанда «Зенит» сапында беделді додаларда тұрақты ойнап жүрген, дайын футболшы еді. Андрей Еуро-2008 додасында өзін көрсетіп үлгерген, әрі ол кездегі РПЛ деңгейі де жоғары болатын. Бұл көптеген ескертулері бар жалғыз мысал шығар».
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.