«Мен Ақтөбені жақсы көремін. Онда Қазақстандағы ең үздік фанаттар жиналған деп есептеймін. Шымкентте де жақсы жанкүйерлер бар. Бұл екі стадионды салыстыра алмаймын, екеуі де тамаша, бірақ Ақтөбе менің жүрегімде», – деді Лео.
Сонымен қатар футболшы қарсыластың деңгейі туралы да ойын білдірді.
«Олар турнирлік кестенің бірінші сатысында тұр – бұл олардың ойын деңгейін көрсетеді. Бізге жаттығуды жалғастырып, қателіктерді азайту керек. Тіпті бір ғана қателік гол соғылуына алып келеді. Біз әрі қарай да дами түсеміз», – деп толықтырды Струмия.
Еске сала кетейік, ақтаулық «Каспий» Шымкентте «Ордабасыға» 2:0 есебімен есе жіберді. Лионель Струмия 2023-2025 жылдар аралығында «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен. Осы уақыт ішінде аргентиналық легионер «ақ-қызылдар» құрамында барлық додада 58 матч өткізді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.