Чемпионшиптің кезекті туры аясында оның командасы сырт алаңда «Норвич Ситиге» қонаққа барады.
«Челсиден» «Бернлиге» жалға берілген Сәтпаев «Вест Бромвичке» қарсы кездесуде (1:3) қосалқы құрамнан алаңға шығып, лигадағы дебютін жасаған еді. Сәрсенбі күні ол «Брэдфорд Ситиге» қарсы кубоктық матчта (пенальти сериясындағы жеңіліс) алғаш рет бастапқы құрамда өнер көрсетіп, екінші таймда ауыстырылды.
Маусым басында екі ұжым да қиындықтарға тап болуда: «Бернлидің» қоржынында бар-жоғы бір ұпайы бар, ал «Норвич» алғашқы екі кездесуде де жеңіліс тапты. Тығыз күнтізбе мен ротация қажеттілігіне байланысты Сәтпаев бұл матчты қосалқы құрамда бастайды деп күтілуде.
Қарсылас капитаны Кенни Маклин 2015 жылы «Абердин» сапында қазақстандық «Қайратқа» қарсы ойнап, екі гол соққан таныстығы бар.
Жартылай қорғаушы Пелле Маттссон – даниялық «Силькеборг» клубында Рамазан Оразовтың бұрынғы командаласы.
Босниялық қақпашы Владан Ковачевич 2022 жылы «Астанаға» қарсы екі кездесуде де қақпасын құрғақ ұстаған.
Шабуылшы Мохамед Туре (Австралия) мен жартылай қорғаушы Анис Бен Слиман (Тунис) болса, 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.