«Жеребе қорытындысынан кейін командаластарым мен бапкерлер тарапынан маған көп сұрақ қойылды. Мен оларға бұл клубтың деңгейі қандай екенін, оның мықты және әлсіз тұстарын түсіндіруге тырыстым. Ашығын айтқанда, «Сутьескадағы» әрбір ойыншы «Қайратты» білетін және оның Қазақстандағы қандай алпауыт клуб екенін түсінетін. Оның үстіне, олар алматылықтардың өткен жылғы Чемпиондар лигасындағы тамаша нәтижелерін жіті бақылап отырды. Сондықтан команда соңғы сәтке дейін жеребеде бізге «Қайраттың» түспеуін үміт етті, бірақ бәрібір бетпе-бет келетін болдық.
Қарсыластың бізден басымдығы бар: оларда қазір чемпионат қызып тұр, ойын тәжірибесі жақсы, ал біз тек дайындық кезеңінен енді шығып жатырмыз».
«Менің қазіргі командаластарымның ешқайсысы бұрын Қазақстанда болмаған. Ұзақ жол туралы әңгіме қозғалғанда, мен оларға Алматының қандай әдемі қала екенін, қазақ халқының қаншалықты қонақжай, мейірімді әрі кеңпейіл екенін айтып бердім. Жігіттерге бұл ұзақ сапардың өтеуі толық қайтатынына және Черногорияға тек жақсы естеліктермен оралатынымызға уәде бердім».
Қазіргі «Қайратты» Вагнер Лав дәуірімен салыстыру
«Өзім Қазақстанда ойнап жүрген уақытта «Қайрат», меніңше, қазіргіге қарағанда мықтырақ болатын. Ол кезде құрамда алаңда үлкен айырмашылық тудыратын Вагнер Лав, Жоао Пауло, Хосе Канте секілді жоғары деңгейлі халықаралық шеберлер ойнады.
Бірақ өткен маусымда «Қайрат» Чемпиондар лигасында қазақстандық футбол үшін тарихи нәтижеге қол жеткізді. Сол ойыншылардың көбі әлі де құрамда, сондықтан бұл өте жақсы әрі бір-бірін жақсы түсінетін ұжым екені даусыз».
«Қазақстанда өткізген екі жылым маған өте жылы естеліктер қалдырды. Әрине, жеке өзім үшін бұл кездесудің орны бөлек, мен барымды салып, командама жақсы нәтижеге жетуге көмектескім келеді.
Қарсыластың күшін ескере отырып, біздің басты жоспарымыз – Қазақстаннан оң нәтижемен қайтып, келесі кезең тағдырын өз үйімізде, Черногорияда шешу. Қазір «Сутьеска» Сербияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, барлық ойымыз тек 8 шілдедегі алғашқы матчта. Меніңше, өте тартысты кездесу болады», – деді Чадженович.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы «Қайрат» пен «Сутьеска» арасындағы алғашқы матч 7 немесе 8 шілде күні Алматыда өтеді.
31 жастағы черногориялық тірек жартылай қорғаушысы Йован Чадженович 2020 жылы «Тараз» сапында (28 матч, бір гол, бір нәтижелі пас), ал келесі маусымда қызылордалық «Қайсар» құрамында (20 матч, бір гол) өнер көрсеткен.
2026 жылдың қаңтарында жартылай қорғаушы «Сутьеска» клубына ауысып, олармен бірге 2025/26 жылғы маусымда Черногория чемпионы атанды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.