Globo басылымының мәліметінше, 34 жастағы футболшы командамен бірге Филадельфияға бармайды. Неймар Нью-Джерсиде қалып, турнир басталар алдында алған оң жақ балтыр бұлшықетіндегі жарақатынан айығуын жалғастырады.
Карло Анчелотти бастаған бапкерлер штабы мен ұлттық құраманың медициналық қызметі ойыншының денсаулығына қауіп төндіргісі келмейді және оның алаңға оралуын жеделдетуді жоспарлап отырған жоқ. Соған қарамастан, бразилиялық жұлдыз доппен жаттығуды бастап кетті және қатарынан екінші күн алаңда жұмыс істеуде. Жаттығулардың бірінде ол командаластарымен бірге қыздыру жаттығуын өткізіп, кейін жеке бағдарлама бойынша дайындықты жалғастырды.
Осы жарақатына байланысты Неймар Бразилияның әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізіп алған болатын. Мароккоға қарсы матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Сонымен қатар шабуылшының топтық кезеңдегі Шотландияға қарсы соңғы кездесуге қатысуы да әзірге белгісіз.
Бразилия - Гаити матчы 20 маусым күні өтеді. Кездесу Астана уақытымен 05:30-да басталады.
Бірінші турдан кейін Бразилия мен Марокко құрамаларының еншісінде бір ұпайдан бар. Екі команда С тобында екінші орынды бөлісіп тұр. Ал Гаити алғашқы ойында Шотландиядан 0:1 есебімен жеңіліп, топтың соңғы сатысына жайғасты.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.