Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Криштиану Роналду хет-трик жасап, мың гол межесіне жақындады

Саудия чемпионатының кезекті турында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Холуд» клубын қабылдап, 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Мағжан Сұлтанұлы
Автор ·
2 минут оқу
Криштиану Роналду хет-трик жасап, мың гол межесіне жақындады
Криштиану Роналду / Фото: © Yasser Bakhsh / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Португалдық даңқты шабуылшы Криштиану Роналду болса қарсылас қақпасына үш гол соғып, хет-трик авторы атанды.

Бірінші таймда Роналду екі рет дәл соққысымен көзге түскен еді. Алайда, төреші екі голды да оффсайдтан соғылды деп, есепке алған жоқ. Есесіне оның командаластары Анжело мен Садио Мане бір-бірден қанжығасын майлап, бірінші тайм 2:2 есебімен аяқталды.

Криштиану екінші таймда көзге түсті

Ал екінші таймда Роналдуды ешкім тоқтата алған жоқ. 66, 72 және 81-минуттарда португалдық шабуылшы өзінің әлі де болса бабында екенін көрсетіп, қарсылас қақпасына үш бірдей гол соғып кетті. «Әл-Холуд» ойыншылары 94-минутта есепті қысқартып, матчтағы есепке нүкте қойды.

Айта кету керек, Роналду өзінің соғылған голдар санын бүгін 985-ке жеткізді. Ол өзіне мың гол соғу деген меже қойған. Тек сол межеге жеткеннен кейін ғана футболмен қоштасу мерзімін жариялайды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz