Жақын матчтар
«Бернлидегі» Сәтпаевтың бапкері жаңа ассистенттерді қатарға қосады
Ағылшындық «Бернлидің» жаңа бас бапкері Фабио Челестини команданың бапкерлік штабына кемінде екі маманды алып келеді, деп хабарлайды Burnley Express басылымы.
Команданы Чемпионшиптен ұшып кету аймағынан алып шығу міндеті тапсырылған 50 жастағы швейцариялық маман ұжымды «Портсмутқа» қарсы өтетін алдағы матчқа дайындап жатыр.
Басылымның мәліметінше, жаңа ассистенттер қызметінен босатылған Ники Хайенмен бірге клубтан кеткен бельгиялық дуэт Йохан ван Румст пен Маттиас Бернарттың орнын басады. Сонымен бірге бапкерлік штабта Майк Джексон, Хенрик Йенсен, Джек Корк және қақпашылар бапкері Керстен Кульдің қалу-қалмау мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр.
Бұл ретте Челестинимен бірге «Базель» мен мәскеулік ЦСКА-да жұмыс істеген Хосе Блеса бапкерлік штабқа кірмейтіні анық. Маман әлеуметтік желіде қоштасу жазбасын жариялап, бірлескен жұмыстың аяқталғанын растады және Челестиниге Англияда сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, «Бернли» сапында жалға алу құқығымен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өнер көрсетеді. Команда бастапқы 12 турда тек бір рет жеңіске жетіп, Чемпионшиптің төменгі лигаға түсіп қалу аймағында келеді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ