Жақын матчтар
«Ордабасының» бас бапкері қызметінен кететіні туралы қауесетке нүкте қойды
Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин командадағы болашағына қатысты пікір білдірді.
Молдовалық маман клубпен келісімшарты 2026 жылғы 30 қарашаға дейін жарамды екенін және одан әрі жұмыс істеу мәселесі Қазақстан Кубогының финалынан кейін шешілетінін айтты. Бұл туралы Moldfootball.com хабарлады.
«Әзірге ешқандай пікір білдіре алмаймын. Келісімшартым 30 қарашаға дейін жарамды. Болашағыма қатысты барлық шешімді тек Кубок финалынан кейін қабылдаймыз. Келісімшартты ұзарту да, мансабымда жаңа кезең бастау да мүмкін. Барлығы клубпен жүргізілетін келіссөздердің нәтижесіне байланысты», – деді Андрей Мартин.
Бұған дейін БАҚ-та «Ордабасы» басшылығы бапкермен келісімшартты ұзартуды жоспарламайтыны және Кубок финалының нәтижесіне қарамастан онымен қоштасуға ниетті екені туралы ақпарат тараған.
Чемпиондық жол
Айта кетейік, Андрей Мартин шымкенттік клубты 2024 жылдың желтоқсанында басқарды. Оның жетекшілігімен «Ордабасы» 2026 жылғы Қазақстан чемпионы атанды. Бұл – клуб тарихындағы екінші чемпиондық атақ. Бұған дейін команда 2023 жылы ел чемпионы болған.
Шымкенттік клуб маусымдағы соңғы кездесуін 7 қарашада өткізеді. Қазақстан Кубогының финалында «Ордабасы» Қызылорданың «Қайсарымен» Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында кездеседі. Жеңіске жеткен жағдайда, шымкенттіктер клуб тарихында алғаш рет бір маусымда ел чемпионаты мен Кубогын қатар жеңіп алады.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ