Ойыншыға ҚПЛ-дың басқа да клубтары үміткер болып отыр. Алайда бұл трансферде футболшының бұған дейін «Оқжетпесте» «Қайсардың» қазіргі бас бапкері Андрей Ферапонтовтың қол астында сәтті өнер көрсеткені басты рөл атқаруы мүмкін.
Осы жылдың қаңтар айында Дамир Марат «Тобылға» ауысып, қостанайлық клуб сапында барлық жарыстарда 13 матч (409 минут) өткізді және төрт нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, вингер «Тобылмен» бірге Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.
Осы жылдың наурыз айында футболшы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында тұңғыш рет алаңға шығып, жеңіспен аяқталған FIFA Series жарысында екі матч өткізді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.