«Ордабасы» мен «Тобылдың» экс-ойыншысы бұған дейін өзі өнер көрсеткен түркістандық «Тұранмен» бірге оқу-жаттығу жиындарынан өткен болатын. Алайда, бірінші лиганың регламенті бойынша шетелдік футболшыларды тіркеуге тыйым салынғандықтан, Умаров бұл клубпен келісімшартқа отыра алмады.
Шохбоз Умаровтың Қазақстан премьер-лигасында 67 матчы бар, онда ол алты гол соғып, сегіз ассист жасаған. Сондай-ақ, 27 жасар футболшы шымкенттік «Ордабасы» сапында Қазақстан чемпионы және Кубогының иегері болып табылады.
Вингердің активінде Өзбекстан ұлттық құрамасы үшін бес матч бар. Умаровтың трансферлік құны 200 мың еуроға бағаланады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.