ҚПЛ-дың экс-төрешісі «Ордабасы» капитанының әрекеті туралы: Каштру Амановичке ескерту жасауы керек еді

Автор
Fonteam редактор
Автор
12.06.26, 10:00
ҚПЛ-дың бұрынғы төрешісі әрі инспекторы Серік Қошқаров ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Ордабасының» капитаны Алекса Амановичті «Тобылға» қарсы 11-турдың орталық матчы алдында бас төреші Антон Кучманың қолын алмай кеткені үшін сынға алды.
ҚПЛ-дың экс-төрешісі «Ордабасы» капитанының әрекеті туралы: Каштру Амановичке ескерту жасауы керек еді
Сурет: ашық дереккөздерден

«Төреші қандай болмасын, тіпті оған деген сенімсіздік болса да, ойыншылар матч алдында онымен қол алысуға міндетті. Олар жанкүйерлермен қалай амандасуға міндетті болса, төрешілермен де солай амандасуы тиіс. Бұл төрешілер корпусына деген қандай құрметсіздік? Онда матчтарды төрешісіз өткізейік!

Ойын алдында Антон Кучма тиын лақтырады, «Ордабасы» капитаны жеребеде жеңіп, қақпаны таңдайды. Осыдан кейін төреші Амановичке қолын созады, ал ол жай ғана теріс айналып кетеді. Бұл – тәкаппарлық пен ашықтан-ашық құрметсіздік.

Бұл ретте Бақылау-тәртіптік комитеті тарапынан ешқандай реакция болған жоқ. Иә, олар барлық ойындарды қарайды, бірақ көпшілік алдында Амановичке ең болмаса ескерту жасауы керек еді. Сондай-ақ, төрелік ету және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Каштру тарапынан да ешқандай әрекет байқалмады», – деді Қошқаров.

Қостанайда «Тобыл» мен «Ордабасы» арасында өткен ҚПЛ-дың 11-тур матчы қонақтардың 3:0 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Бірінші таймда, 30-минутта Кирилл Глущенков алаңнан қуылып, қостанайлықтар азшылықта қалды. Екінші кезеңде шымкенттіктерге жеңісті Кристиан-Михай Капацинаның голы мен кездесу соңында жас шабуылшы Жасұлан Әмірдің соққан дублі сыйлады.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

12.06.26, 10:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
28
2
Қайрат
26
3
Оқжетпес
23
4
Елімай
20
5
Астана
19
6
Ұлытау
19
7
Ақтөбе
16
8
Жеңіс
16
9
Қызылжар
15
10
Атырау
14
11
Жетісу
13
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8