««Реал» президенті ретінде мен сіздердің барлығыңызбен мақтанамын. Бұл керемет сайлау күні болды, клуб мүшелері тарихтағы ең ұлы клубтың тағдырын шешу үшін өз пікірлерін ашық айтты. Бұл – біз бәріміз армандайтын «Реал». Тәуелсіз Мадридтік «Реал». Клуб ешқандай қиындық пен кедергіден қорықпайды. Біз әрі қарай да «Сантьяго Бернабеу» стадионымызбен – әлемдегі ең үздік стадионмен мақтанамыз. Сондай-ақ әлемдегі ең мықты ойыншылар бізде екендігімен мақтанамыз», – деп келтіреді Перестің сөзін клубтың ресми сайты.
Перестің айтуынша, оның басшылығында «Реал» әрқашан өз «сосьосына» – клубқа тіркелген, жарна төлеп, белгілі құқықтар мен артықшылықтарға ие мүшелеріне – тиесілі болған, тиесілі және бола береді.
Айта кетейік, Перес испан кәсіпкері Энрике Рикельмеден басым түсіп, клубты 2030 жылға дейін басқарады. Бұл қызметке ол қатарынан сегізінші рет келіп отыр.
Перес 79 жаста, ол «Реал» президенті қызметін 2009 жылдан бері атқарып келеді, бұған дейін 2000-2006 жылдары да осы лауазымда болған. Перестің басшылығында футболдан «Реал» Испания чемпионы атағын 7 рет, ел кубогын 3 мәрте, Чемпиондар лигасын 7 рет жеңіп алды. Сондай-ақ команда 7 Испания Суперкубогын және 5 рет клубтық әлем чемпионатын ұтты. Биылғы маусымда «Реал» Испания чемпионатында екінші орынды иеленіп, Чемпиондар лигасының ширек финалында жарыстан шығып қалды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.