«Бұл матчты күттім және «Тұранның» ұлымның командасына қарсы ойнайтынын білдім. Әке ретінде ұлымның сәтті ойнауы үшін қобалжу болды. Ол жақсы ойнады, ең бастысы – жарақат алған жоқ. «Қайрат-Жастардың» өз мақсаттары, біздің өз мақсаттарымыз бар екені түсінікті. Ұпай үшін барған едік – өкінішке қарай, ойынымыз іске аспады. Матчтан кейін ұлымды және оның командаластарын құттықтадым. Ойын тиісті деңгейде өтті. Шыны керек, бұрын қашан да болмасын алаңда қарсылас ретінде кездесеміз деп ойламаппын», – деді үлкен Смақов.
Кездесу «Қайрат-Жастардың» 2:0 есебімен орнаған жеңісімен аяқталды. Аламгир Смақов алаңға 78-минутта шықты.
Осы жеңістің арқасында «Қайрат-Жастар» 17 ұпаймен бірінші лигадағы көшбасшылығын нығайта түсті. «Тұран» болса 12 ұпаймен төртінші сатыға жайғасты.
Самат Смақов – қазақстандық футбол тарихындағы ең көп жүлде алған ойыншылардың бірі (елдің алты дүркін чемпионы және ұлттық құрама сапында 76 матч өткізген рекордшы). Оның 18 жасар ұлы Аламгир Смақов сәуір айында Қазақстан кубогы аясында «Қайраттың» негізгі командасы сапында дебют жасаған болатын.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.