Өткен жылы «Жеңісте» жүрген кезімде маусымның аяқталуына екі тур қалғанда менімен «Астана» байланысқа шықты. Бас бапкер Григорий Бабаянның өзі хабарласып: «Астанада» ойнағың келе ме, мен сені мына позицияда көріп тұрмын, ойланып көр», – деді. Мен отбасымммен, агентіммен ақылдасып, «Астанаға» ауысу туралы шешім қабылдадым және бұл таңдауым үшін өкінбеймін.
«Жеңіс» ренжіген жоқ па? Біз олармен ұзақ уақыт сөйлестік. Бірақ нақты шешім қабылдап, қоштасуға тура келді», – деді Қараман «Бірінші бол» арнасындағы подкастта.
25 жастағы футболшы былтыр «Елімайдың» негізгі ойыншысы болып, соның арқасында Қазақстан құрамасында дебют жасады. Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Македония қақпасына ұлттық құрамағы алғашқы голын соқты.
Қараман ҚПЛ-дың ағымдағы маусымында 11 матчқа қатысты және Қазақстан құрамасының маусым айындағы матчтарына шақырту алды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.