Ұлттық құраманың экс-капитаны: Чесноковтың оралуы – артқа жасалған қадам

Автор
Fonteam редактор
Автор
26.05.26, 07:00
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны Самат Смақов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Ислам Чесноковтың шотландиялық «Хартстан» қостанайлық «Тобылға» қайта оралуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Ұлттық құраманың экс-капитаны: Чесноковтың оралуы – артқа жасалған қадам
Ислам Чесноков. Фото: "Хартс" ФК

«Міндетті түрде Шотландия чемпионатында қалу шарт емес, өзге де лигаларда бақ сынап көруге болады. Егер Ислам Қазақстанға қайта оралса – бұл ол үшін артқа жасалған бір емес, екі қадам болады. Егер оны клубтан жібергісі келмесе, неге қалмасқа? Ол Шотландияға чемпионаттың екінші айналымы басталғанда барды ғой. Егер маусымалды толық дайындық жиындарынан өтіп, бейімделсе, бұл мүлдем басқа әңгіме болады.

Кез келген ойыншы жаңа жерге ауыса сала, бейімделусіз бірден ойнап кете алмайды. Тіпті топ-футболшылардың өзі басқа клубқа ауысқанда бірден үйренісіп кете алмай жатады. Ал мұнда Чесноков Қазақстаннан шотландиялық топ-командаға маусымалды дайындықсыз ауысты. Ол бейімделіп, үйреніскенше екінші айналымның жартысы да өтіп кетті. Меніңше, егер ол «Тобылға» қайта оралса – бұдан кейін ешқайда кетпей қалуы мүмкін», — деді Смақов.

Бұған дейін Шотландияның Hearts Standart басылымы Ислам Чесноковтың жазғы трансферлік кезеңде «Тобылға» ауысуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Казақстандық футболшы эдинбургтік клуб сапына осы жылдың қаңтарында қосылып, 11 матчта бір гол соқты. Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, егер келіссөздер сәтті өтсе, трансфер жақын арада ресімделуі мүмкін.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
26
2
Ордабасы
25
3
Оқжетпес
22
4
Астана
18
5
Ұлытау
18
6
Елімай
17
7
Ақтөбе
15
8
Атырау
13
9
Жетісу
13
10
Жеңіс
13
11
Қызылжар
12
12
Қайсар
10
13
Ертіс
8
14
Алтай
8
15
Каспий Ақтау
8
16
Тобыл
8