«Шынын айтсам, бапкердің мінезі өте сабырлы. Ол бойымызға сенімділік пен еркіндік ұялатады. Сондай-ақ, бізбен көп тілдеседі, бұл командаға серпін береді. Енді жеңіске жету үшін жұмысты жалғастыруымыз керек», – деді ивуарлық ойыншы.
Сонымен қатар, Поэ «Каспий» қақпасына соққан дубліне қатысты пікір білдірді:
«Екінші голды инстинкт пен сәттіліктің арқасында соқтым – мұны ашық мойындаймын. Доп маңдайшаға тигеннен кейін маған қарай секірді. Ал бірінші эпизодта Швырев көмектесті, маған тек алға ұмтылу ғана қалды», – деп толықтырды ол.
ҚПЛ-дың 11-турындағы матчта «Ертіс» «Каспиймен» тең түсті (2:2). Бұл ойын павлодарлықтар үшін «Тобылдың» экс-бапкері Нұрбол Жұмасқалиевтің жетекшілігімен өткен екінші кездесу болды.
Осы маусымда Жан-Морель Поэ алаңға тоғыз рет шығып, үш гол соқты. Бұған дейін қанаттағы шабуылшы украиналық «Кривбасс» және грекиялық «Ираклис» клубтарында өнер көрсеткен.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.