Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қорытынды тізімге 25 ойыншы енді.
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Ашырбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мұжықов («Жетісу»), Абинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).
Шабуылшылар: Дастан Сатпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Муртазаев («Елімай»), Мәжжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мәқсат Әбраев («Астана»).
Айта кетейік, құрамға Мәскеу «Динамо» клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы екі жолдастық матч өткізеді: Арменияға қарсы Ереванда – 6 маусымда, Венгрияға қарсы Дебреценде – 9 маусымда.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.