Алматылық клуб Густаво Парадеданың команданың жаңа бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады.
Жаңа маманмен жасалған келісімшарт үш жылға есептелген.
Алматылық жанкүйерлер үшін Парадеданың есімі жақсы таныс.
Бразилиялық маман 2004-2009 жылдары «Қайрат» қақпасын қорғап, клубпен бірге футзалдан УЕФА Кубогының қола жүлдесін жеңіп алған еді. Бұл - алматылық клубтың Еуропадағы алғашқы тарихи жетістіктерінің бірі болды.
Соңғы жылдары Парадеда клуб жүйесінде жұмыс істеп, негізгі команда мен академияның спорт директоры қызметін атқарды.
Өткен маусымда ол плей-офф кезеңі алдында команданы қабылдап, «Қайратты» Қазақстан чемпионы атандырған болатын.
Бұған дейін «Қайрат» бас бапкер Даниэль Жуниормен қоштасқанын мәлімдеді.
Клуб мәліметінше, бразилиялық маман қызметінен отбасылық жағдайына байланысты кеткен. Тараптар келісімшартты өзара келісім арқылы бұзған.
Қысқа уақыт ішінде Жуниор командамен бірге Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, клубты УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына және Қазақстан Кубогының жартылай финалына дейін жеткізді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.