Мысыр құрамасы Салах пен Мармушқа қатысты шешімін жариялады

Автор
Fonteam редактор
Автор
21.05.26, 13:00
«Ливерпуль» шабуылшысы Мұхаммед Салах пен «Манчестер Сити» шабуылшысы Омар Мармуш Мысыр құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына шақырту алды.
Мысыр құрамасы Салах пен Мармушқа қатысты шешімін жариялады
Мохамед Салах. Фото Reuters

Бұл туралы ақпарат Мысыр футбол қауымдастығының (EFA) Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Мысыр құрамасының бас бапкері Хуссам Хасан 27 футболшыдан тұратын алдын ала тізімді жариялады. 28 мамырда Ресей құрамасына қарсы өтетін жолдастық кездесуден кейін, олардың арасынан 26 ойыншы таңдалады.

Мысырдың 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамы:

қақпашылар: Мұхаммед әл-Шенави, Мостафа Шобейр, әл-Махди Солиман, Мұхаммед Алаа;

қорғаушылар: Мұхаммед Хани, Тарек Алаа, Хамди Фатхи, Рами Рабиа, Яссер Ибрахим, Хоссам Абдельмагид, Мұхаммед Абдель Монем, Карим Хафез, Ахмед Абул-Фетух;

жартылай қорғаушылар: Марван Аттия, Моханад Лашин, Набиль Эмад Дунга, Махмуд Сабер, Ахмед Сайед, Имам Ашур, Махмуд Трезеге, Ибрахим Адель, Мостафа Зико, Мұхаммед Салах, Хайтем Хассан;

шабуылшылар: Омар Мармуш, Актай Абдаллах, Хамза Абделькарим.

Салах осы маусымда «Ливерпуль» сапында 40 матч өткізіп, 12 гол соқты. Мармуш «Манчестер Сити» үшін 36 матчқа қатысып, сегіз голдың авторы атанды.

Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Мысыр құрамасы G тобына түсті, онда Бельгия, Иран және Жаңа Зеландия командаларына қарсы ойнайды.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5