Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Тоқаев «Атлетико» басшысымен Қазақстандағы футболдың дамуын талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мадридтің «Атлетико» футбол клубының бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Тоқаев «Атлетико» басшысымен Қазақстандағы футболдың дамуын талқылады
Сурет: ашық дереккөздерден

Кездесуде Қазақстан мен испаниялық клуб арасындағы ынтымақтастықты дамыту, футбол инфрақұрылымын жетілдіру және жас ойыншыларды даярлау мәселелері талқыланды.

Президент «Атлетико Мадрид» клубымен орнаған ынтымақтастықты жоғары бағалап, Мигель Анхель Хиль Мариннің Қазақстанға сапары серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге жол ашатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда заманауи футбол инфрақұрылымын дамытуға, жаттығу базаларын салуға және жас футболшыларды даярлау бағдарламаларын жетілдіруге басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар елдегі футбол клубтарын жекешелендіру жұмыстары жалғасуда.

Мемлекет басшысы FIFA ұйымымен бірлесіп, еліміздің барлық өңірінде балаларға арналған 100-ден астам жаңа футбол алаңын салу қолға алынғанын да айтты.

Кездесу барысында Президент Испания құрамасының жетістіктері мен испаниялық футбол мектебінің тәжірибесіне тоқталды. Оның сөзінше, бұл тәжірибені жан-жақты зерделеп, Қазақстанда дарынды жас футболшылардың жаңа буынын тәрбиелеу үшін пайдалану маңызды.

Өз кезегінде Мигель Анхель Хиль Марин Қазақстанда футболды дамытуға ерекше көңіл бөлгені үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді. Сондай-ақ ол Алматы облысында салынып жатқан «Атлетико Мадрид» академиясының инфрақұрылымын жоғары бағалап, болашақта бұл нысан футболшыларды даярлайтын үздік оқу-жаттығу кешендерінің біріне айналатынына сенім білдірді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz