Скворцов – болашағы туралы: ақша маңызды болса, Түркияға кетпес едім

Автор
Fonteam редактор
Автор
21.05.26, 09:50
Түркиялық «Серикспор» сапында доп тебетін қазақстандық қорғаушы Лев Скворцов болашағына қатысты пікір білдірді.
Скворцов – болашағы туралы: ақша маңызды болса, Түркияға кетпес едім
Сурет: ашық дереккөздерден

Түркиялық «Серикспор» сапында доп тебетін қазақстандық қорғаушы Лев Скворцов болашағына қатысты пікір білдірді.

«Түркияда футбол маусымы енді аяқталып жатыр. Барлығы демалысқа кетіп жатыр. Мен ол жақта жақсы ойнадым. Соңғы екі ойында гол соқтым, ассист жасадым. Ұсыныстар бар, ары қарай не боларын көре жатармыз.

Қазақстанға қайта ораламын ба? Білмеймін, барлығы ұсынысқа байланысты. Бірақ мен үшін ақшаның ешқандай маңызы жоқ. Ақша керек болса, «Серикспорға» бармас едім. Қазақстанда ақша жағынан жақсырақ ұсыныстар болды. Әйелім де «Түркияға барып көр, көптен бері осыны қалап жүр едің ғой» деді. Бардым, футбол деңгейін байқадым. Бұл таңдаудан қателеспедім деп ойлаймын», – деді Скворцов Эльдар Аманбаевқа берген сұхбатында.

26 жастағы қаптал қорғаушысы осы жылдың басында Түркияның бірінші лигасындағы «Серикспор» клубына ауысты. Содан бері 16 матчқа қатысып, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.

Скворцовтың түркиялық клуюпен келісімшарты маусым айында аяқталады.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5