Бундестимнің 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған соңғы құрамына 26 ойыншы енді. Ең басты жаңалықтардың бірі - аңыз қақпашы Мануэль Нойердің ұлттық құрамаға қайта оралуы болды.
40 жастағы «Бавария» капитаны 2024 жылдың 21 тамызында халықаралық мансабын аяқтағанын мәлімдеген еді.
Алайда араға екі жылға жуық уақыт салып, тәжірибелі голкипер Германия құрамасына қайта оралу туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін Нойер мюнхендік клубпен келісімшартын тағы бір жылға ұзартқан болатын.
Қақпашылар: Мануэль Нойер («Бавария»), Оливер Бауманн («Хоффенхайм»), Александер Нюбель («Штутгарт»).
Қорғаушылар: Антонио Рюдигер («Реал»), Йонатан Та («Бавария»), Нико Шлоттербек («Боруссия» Дортмунд), Давид Раум («РБ Лейпциг»), Вальдемар Антон («Боруссия» Дортмунд), Малик Тиау («Ньюкасл»), Натаниэль Браун («Айнтрахт»).
Жартылай қорғаушылар: Йозуа Киммих («Бавария»), Джамал Мусиала («Бавария»), Флориан Виртц («Ливерпуль»), Леон Горецка («Бавария»), Паскаль Гросс («Брайтон»), Александер Павлович («Бавария»), Ангело Штиллер («Штутгарт»), Надим Амири («Майнц»), Феликс Нмеча («Боруссия» Дортмунд»).
Шабуылшылар: Кай Хаверц («Арсенал»), Лерой Сане («Галатасарай»), Дениз Ундав («Штутгарт»), Максимилиан Байер («Боруссия» Дортмунд), Ник Вольтемаде («Ньюкасл»), Джейми Левелинг («Штутгарт»), Леннарт Карл («Бавария»).
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.