Матч «Қайсар Арена» стадионында өтті. Ойынның бас төрешісі павлодарлық Айдын Тасыбаев болды.
Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:
«Қайсар»: Салайдин, Совет, Төлегенов, Жұмабеков, Мохаммад, Тәжібай, Әбікен, Қалдыбеков, Цуцкич, Джонс, Мұхамед;
«Қайрат»: Анарбеков, Мата, Мартынович, Африко, Тапалов, Оксанен, Байбек, Юккола, Мрынский, Сәтпаев, Эдмилсон.
Ойынның екінші минутында Дастан Сәтпаев қарсылас қорғанысының қателігін тиімді пайдаланып, есеп ашты. Бұдан кейін алаң иелері Темірлан Анарбековтың қақпасы маңында бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. Нәтижесінде Айбол Әбікен алыстан дәл соққы жасап, таразы басын теңестірді.
Нұрымжан Салайдиннің ережені бұзуы пенальтиге алып келді, алайда Дастан Сәтпаевтың соққысы бағанға тиді. Одан кейін Яакко Оксанен алаңнан қуылып, алматылықтар аз құрамда қалды. Соған қарамастан, 88-минутта Александр Мартынович жеңіс голын соғып, «Қайратқа» үш ұпай сыйлады — 2:1.
Осы жеңістен кейін «Қайраттың» еншісінде 21 ұпай бар және команда турнирлік кестенің көшін бастады. Ал «Қайсар» алты ұпаймен төменгі бөлікте қалып отыр.
«Қайсар» — «Қайрат» 1:2 (0:1)
Голдар: Сәтпаев 2 (0:1), Әбікен 71 (1:1), Мартынович 88 (1:2)
Пенальти соғылмады: Сәтпаев 77 (баған)
Қызыл қағаз: Оксанен 79.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.