Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айындағы оқу-жаттығу жиындарына арналған кеңейтілген құрамды жариялады, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.
Тізімге 36 футболшы енді.
Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»);
Қорғаушылар: Арсен Әширбек, Әділбек Жұмаханов (екеуі де — «Елімай»), Еркін Тапалов, Александр Мрынский (екеуі де — «Қайрат»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де — «Ордабасы»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де — «Астана»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Сағи Совет («Қайсар»), Санжар Сатанов («Атырау»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлебай (екеуі де — «Елімай»), Батырхан Тәжібәй, Айбол Әбікен (екеуі де — «Қайсар»), Дінмұхамед Қараман, Бауыржан Исламхан, Станислав Басманов (үшеуі де — «Астана»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Әбінұр Нұрымбет («Өкжетпес»), Серікжан Мұжықов («Жетісу»), Исламбек Қуат («Жеңіс»);
Шабуылшылар: Максим Самородов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де — «Ахмат», Ресей), Мағжан Тоқтыбай, Жасұлан Әмір (екеуі де — «Ордабасы»), Роман Муртазаев, Иван Свиридов (екеуі де — «Елімай»), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Мақсат Абраев («Астана»).
Оқу-жаттығу жиындары 29 мамыр мен 4 маусым аралығында Шымкент қаласында өтеді. Жиын аясында команда екі жолдастық матч өткізеді: 6 маусымда Ереванда Арменияға қарсы және 9 маусымда Дебреценде Венгрияға қарсы.