«Нуну Каштру өз ақшасын адал тапсын»: экс-төреші бірінші лигадағы дауға қатысты пікір білдірді

Автор
Fonteam редактор
Автор
06.05.26, 09:00
ҚПЛ-дың бұрынғы төрешісі және инспекторы Серік Қошқаров ASnews.kz сайтына берген сұхбатында төрелік ету және инспекциялау департаментінің басшысы Нуну Каштрудың жұмысын сынға алды.
«Нуну Каштру өз ақшасын адал тапсын»: экс-төреші бірінші лигадағы дауға қатысты пікір білдірді
Сурет: ашық дереккөздерден

Бірінші лиганың бесінші турындағы «Академия Оңтүстік» пен «Тараз» (2:1) арасындағы кездесу соңы үлкен жанжалға ұласты. Екінші тайм барысында «Тараздың» екі ойыншысы алаңнан қуылып, соңғы минуттарда қонақтар қақпасына екі пенальти белгіленді.

«Бұл – мүдделер қақтығысы»

«Ойын өте тартысты болды: бұл оңтүстік дербиі ғой. Бәрі жақсы келе жатқан еді. Бірінші тайм дұрыс өтті, екінші таймда «Тараз» бірінші гол соқты. Бірақ аяқ жағында бас төреші «Тараз» қақпасына күмәнді пенальти қояды. Ол жерде бірден шешім қабылдайтындай анық пенальти емес, күмән болуы керек еді. Өкінішке қарай, ВАР да жоқ.

Нуну Каштру деген кісі Португалиядан келді. Ол өз ақшасын адал тапсын, бірінші лиганы да қарасын. Ол жерде де лайықты ойындар болып жатыр, кейбір командалардың жоғары мақсаттары бар. Ал төреші келіп, «Тараздың» екі ойыншысын қызыл қағазбен жазалады. Жақып Қожамбердіге екінші сары қағаз көрсетті, алайда ол жерде жай ғана ауызша ескерту жасап: «сенде бір сары қағаз бар» деп айтса болады ғой», – деп бастады Қошқаров.

Департаменттегі жүйе туралы

«Төрелік ету және инспекциялау департаментінің басшылары сол ойындарға өздерін инспектор ретінде тағайындайды. Бұл – мүдделер қақтығысы. Мұндай қызуқанды ойындарға өздерін өздері тағайындап, өздеріне өздері баға қояды. Олай болмайды ғой. Департамент Федерация кеңсесінде жұмыс істеуі керек, логистикамен айналысуы тиіс, олар іссапарға шықпауы керек қой», – деді маман.

«Төрешілер жазаланудан қорықпайды»

«Ойыннан кейін у-шу болды. Адамдар алаңға шығып, сақшылар оны қоршауға алды. Нуну Каштру өз ақшасын адал табуы керек. Бірінші лиганы қарамайтын шетелдік маман бізге не үшін қажет? Мұнда ұлттық құраманың болашақ ойыншылары, болашақ мықты бапкерлер жүр. Олардың еңбегі құртылып жатыр. Нуну Каштру бұрын төрелік етпеген, оның тәжірибесі жоқ, тек УЕФА-да жұмыс істеді. Неге төреліктің деңгейі көтерілмей жатыр? Өйткені төрешілер жазаланудан қорықпайды», – деп мәлімдеді Қошқаров.

Шымкентте өткен матчта «Тараз» 74-минутта есеп ашқанымен, қос бірдей ойыншысы Аманжол Мұхаметжанов пен Жақып Қожамберді алаңнан қуылды. Бас төреші Николай Дышкант кездесудің соңында (89 және 90+3 минуттарда) «Тараз» қақпасына екі пенальти белгілеп, алаң иелері жеңісті жұлып алды.

Ойыннан соң «Тараз» басшысы Дидар Сыдықбек те мәлімдеме жасап, ҚФФ-дан төрешілер жұмысын толық сараптауды талап етті.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
18
2
Ордабасы
18
3
Оқжетпес
15
4
Ұлытау
14
5
Елімай
13
6
Астана
12
7
Жетісу
12
8
Қызылжар
11
9
Атырау
10
10
Ақтөбе
10
11
Жеңіс
10
12
Ертіс
6
13
Қайсар
6
14
Тобыл
5
15
Алтай
4
16
Каспий Ақтау
4