Жанжал шешілді»: «Каспий» легионері «Астанамен» өткен матчтағы оқиға туралы

Автор
Fonteam редактор
Автор
06.05.26, 12:01
«Каспийдің» португалиялық қорғаушысы Андре Амарал ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Астанаға» қарсы ойында (1:0) Дінмұхаммед Жомарт пен Дархан Бердібек арасында болған кикілжіңнің қалай шешілгенін айтып берді.
Жанжал шешілді»: «Каспий» легионері «Астанамен» өткен матчтағы оқиға туралы
Сурет: ашық дереккөздерден

«Каспийдің» португалиялық қорғаушысы Андре Амарал ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Астанаға» қарсы ойында (1:0) Дінмұхаммед Жомарт пен Дархан Бердібек арасында болған кикілжіңнің қалай шешілгенін айтып берді.

«Олардың сөзге келіп қалуы ма? Шын мәнінде, бәрі жақсы – біз бұл мәселені шешіп қойдық», – деді 26 жастағы легионер.

Еске сала кетейік, ҚПЛ-дың сегізінші туры аясында өткен матчтың 99-минутында «Каспий» қақпашысы Дінмұхаммед Жомарт өз командаласы Дархан Бердібекті ұрып жіберіп, сары қағаз алған болатын. Ойын аяқталған соң команда капитаны Амандық Нәбиханов, Андре Амарал және Бернарду Моргаду эмоцияға берілген қақпашымен жеке сөйлескен еді.

Айта кетейік, 21 жастағы Санжар Әнуаровтың автоголының арқасында «Каспий» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал Жомарт көрсеткен ойыны үшін турдың үздік ойыншыларынан құралған символикалық құрамаға енді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

06.05.26, 12:01

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11