«Жеңістің» португалиялық экс-ойыншысы Жуан Оливейра ASnews.kz сайтына берген сұхбатында лиссабондық алпауыттардың қызығушылығынан кейін Темірлан Анарбековтың Португалия чемпионатында ойнап кете алу мүмкіндігін бағалады.
«Оның бойынан мені таңғалдырған қасиеттерді бірден байқадым. 20 жасында-ақ мінезінің мықтылығын көрсетті: қорықпайды, шығуларда сенімді және қақпа сызығында өте ширақ. Әрине, әлі де іздену керек, бірақ Темирлан чемпион атанып әрі Чемпиондар лигасында лайықты өнер көрсетіп, деңгейін өсіріп алды.
Ол «Бенфика» немесе «Спортинг» деңгейін тарта ма? Бұл – өте үлкен серпін, ол жерлердегі талап шынымен жоғары. Бірақ мен оның қолынан келетініне және сол деңгейге сай бола алатынына сенемін», – деді жартылай қорғаушы.
Бұған дейін «Спортинг» пен «Бенфика» Анарбеков үшін 2,5 млн еуро ұсынуға дайын екені хабарланған болатын.
Жуан Оливейра 2024 жылғы маусымда «Жеңіс» сапында ойнады (13 матч). Қазақстанға келгенге дейін ол Португалия мен Польша клубтарында өнер көрсеткен.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.